Мектебім мейірім мекені
Алғашқы қоңырау. "Мектебім мейірім мекені" Бүгін мектеп ауласы тағы да бала күлкісіне, ата-ана тілегіне, ұстаздардың ақ батасына толды. Жаздың самалы артта қалып, білімге бастар жаңа күннің шуағы сезілді. Қоңыраудың қоңыраулы үні – тек оқу жылының бастауы емес, әр жүрекке үміт сыйлаған сәт. Бірі мектеп табалдырығын алғаш аттап, екіншілері биік арманға тағы бір қадам жақындап, бәрі де жаңа белеске қадам басты. Мектеп — балалықтың мөлдір шағы, білімнің бастауы, өмірдің үлкен жолына