Ұлдар жиналысы «Қарым-қатынас мәдениеті»
Мектебімізде 5-10 сынып ұлдары арасында «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында кезекті ұлдар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. «Қарым-қатынас мәдениеті» дәріс;
2. І жарты жылдық қорытындысы;
3. Мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы.
Жиналысты мектебіміздің ұлдар кеңесінің төрағасы, АӘД мұғалімі А.А.Омаров ашып ұлдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті жайлы түсінік беріп, мектеп медбикесі Т.Маратқызы ұлдардың жеке бас гигиенасына тоқталды. Мектеп психологі ұлдармен ақпараттарды дұрыс қабылдау керектігіне байланысты сергіту жаттығуын жүргізді. ДТІЖО С.Табилтайқызы І жарты жылдық бойынша ұлдар арасындағы ұсақ құқық бұзушылықтар мен мектептің ішкі тәртіп ережерелерінің сақталуында кеткен кемшіліктер жайлы ескертті.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жаңасемей
#Ұлдаржиналысы