Мектеп туралы » Страница 16 » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
Самға әуен жеңімпаздары
03
ақпан
2021
Самға әуен жеңімпаздары
Ұлы ақын  Абай Құнанбайұлының 175- жылдық мерейтойына арналған аймақтық " Самға әуен" байқауына қатысып  II-орынға ие болған оқушыларымыздың және жетекшісінің жұмысының нәтижесі. Құтты болсын!!!
"Қысқы ертегі" қалалық байқаудың қорытындысы
20
қараша
2020
"Қысқы ертегі" қалалық байқаудың қорытындысы
Ауылдық жалпы білім беру мекемелері арасында өткізілген "Қысқы ертегі" қалалық байқау-сайысына белсене қатысып, "Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі І орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!👏👏👏
Тіл мерекесі
25
қыркүйек
2020
Тіл мерекесі
«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» «Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- де 5 қыркүйек Қазақстандағы тілдер күніне байланысты «Мәңгілік елімнің-Мәңгілік тілі» атты апталықтың ашылу салтанаты «Тіл достықтың – алтын көпірі» кітап көрмесімен және оқушылардың үш тілде мәнерлеп жаттаған өлеңдерімен ашылды. Апталықтың мақсаты:  Оқушыларға ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту.
Бастауыш апталығы
05
наурыз
2020
Бастауыш апталығы
"Білім негізі бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар" атты бастауыш сынып апталығы басталды. 18 ақпан күні математика күні болғандықтан, математикалық ребус сайысы, " Жас Математик"  математикалық сайыс өтті. 4 сынып мұғалімі Апбасова Ж.К. " Пайыз"  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты:Пайыз бүтіннің бір бөлігі екенін түсіндіру. Пайызды 10%,25%, 50%, 75%, 100% символмен белгілеуді қолдану. 3 сынып жетекшісі М.С. Асанова " Жазбаша қалдықпен бөлу" тақырыбында ашық сабақ өткізді
Бастауыш апталығы
05
наурыз
2020
Бастауыш апталығы
Бастауыш сынып мұғалімі Жүнiсқалиева Самал Серiкбекқызының дүниетану пәні бойынша өткізген ашық сабағы. Сабактың тақырыбы: Қазақстанның рәмiздерi.  Мақсаты: ҚР-ның мемлекеттік рәміздерімен танысу. Тудагы бейнелердiң мағынасын ажырату,бiлу.Мемлекеттiк рәміздерді құрметтеуге үйрету.
Дөңгелек үстел
05
наурыз
2020
Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел Рухани жаңғыру аясында патриоттық сананы дамыту арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғырту, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Тәлім-тәрбие сағаты
05
наурыз
2020
Тәлім-тәрбие сағаты
Тәлім-тәрбие сағаты «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай 22 ақпан күні "Ауылдағы бір күн" жобасы барысында "Шығыс Қазақстанның киелі жерлері" атты тақырыпта тәлім-тәрбие сағаты өтті
"Ауылдағы бір күн" жобасы
05
наурыз
2020
"Ауылдағы бір күн" жобасы
Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласындағы ұлттығымызды сақтау және жүзеге асыру мақсатында ұлттық дәстүрімізді жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерімен өнерге деген құштарлығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу негізінде Семей қаласының «Т.Аманов атындағы ЖОББМ» КММ-нің «Ауылдағы бір күн» жобасын іске асыру үшін «Түрксіб ЖОББМ» КММ-де семинар өтті.
Спорттық іс-шара
05
наурыз
2020
Спорттық іс-шара
Ата-аналар мен мектеп байланысын нығайту мақсатында бастауыш сыныптар аралығында "Әкем,анам және мен" атты  спорттық сайыс өтті. Спорттық іс-шара флешмобпен басталды. Ата-аналар балаларымен бірге қызықты спорттық тапсырмаларды орындау барысында зор белсенділік танытты. Нəтижесінде  1 орын -бірінші сынып. 2 орын -екінші сынып. 3 орын - 3 және 4 сыныптар ие болды.
Назад 1 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Вперед