25 қазан РСПУБЛИКА күні » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қараша
2025

25 қазан РСПУБЛИКА күні





Бүгін, 25 қазан — Республика күні мектебімізде айрықша рухпен аталып өтті.
Таңмен бірге басталған мерекелік көңіл күй әр оқушының жүзінен көрініп, мектебімізде елдік пен бірліктің лебі есіп тұрды. 4,8,9 сынып пен сынып жетекшілері Т.Н.Құсайынова, Г.Ж.Байканова, Ш.А.Әкімбектердің ұйымдастыруымен өткен с
алтанатты шара барысында мектеп директоры Д.А. Омаров ұстаздар мен оқушыларды Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздікке бастар жолдың маңызын, ел болашағы — білімді ұрпақтың қолында екенін ерекше атап өтті.
Жүрекке жылы, ойға терең сөздер жас ұрпаққа тағдырлы тарихымызды қайта еске салғандай болды.

Оқушылар  ән-жырмен, қойылымдармен, жүрекжарды тілектермен мерекенің көркін аша түсті. Әрбір өнер, әрбір сөз туған елге деген шынайы сүйіспеншілікті сездірді. 

Республика күні — өткенді дәріптеп, ертеңге сеніммен қарауға шақыратын мәнді мереке.
Бүгінгі күн бізге тағы да бірлік пен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды

Мерекеміз құтты болсын!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болғай!

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей
#АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей

#25қазан_Республика_күні