Мектебім мейірім мекені » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қыркүйек
2025

Мектебім мейірім мекені




Алғашқы қоңырау. "Мектебім мейірім мекені"
      Бүгін мектеп ауласы тағы да бала күлкісіне, ата-ана тілегіне, ұстаздардың ақ батасына толды. Жаздың самалы артта қалып, білімге бастар жаңа күннің шуағы сезілді. 
Қоңыраудың қоңыраулы үні – тек оқу жылының бастауы емес, әр жүрекке үміт сыйлаған сәт. Бірі мектеп табалдырығын алғаш аттап, екіншілері биік арманға тағы бір қадам жақындап, бәрі де жаңа белеске қадам басты. Мектеп — балалықтың мөлдір шағы, білімнің бастауы, өмірдің үлкен жолына дайындар қастерлі орын.
Бүгін осы қасиетті шаңырақ тағы да жаңарып, жаңғырып, жаңа тарихын жазуды бастап кетті. Бүгінгі мерекеде Абай облысы білім басқармасының  
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Н.Масғұт мырза мектебімізге келіп бүлдіршіндерді қадамдарымен, ұстаздарды білім күнімен құттықтап  ардагер ұстазымыз М.Ш.Зейнелханқызын білім министрінің марапатымен марапаттады. 

Жаңа оқу жылы әр отбасыға құт, әр балаға шабыт, әр ұстазға қуат әкелсін.
Алғашқы қоңырау құтты болсын! 

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей
#АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей

#АЛҒАШҚЫҚОҢЫРАУ