"Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы" тақырыбында тәрбие сағаты.
02.02.2024ж. 6 сынып оқушыларында "Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақсаты: Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру; білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау; мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Қабылтаева Қарақат. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей