«Белсенді қыз – мектеп айнасы»
2025-2026 оқу жылының алғашқы қыздар жиналысы. «Белсенді қыз – мектеп айнасы»
Бүгін мектебімізде қыздар кеңесінің төрайымы Г.Ж.Ахметова қыздар қауымына арналған мазмұнды жиналыс өткізді. Жиналысқа мектебіміздің 5-11 сынып қыздары, мектеп медбикесі, педагог-психолог қатысты.
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп формасы мен ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру, қыздардың мектеп өміріндегі жауапкершілігін арттыру және өз-өзін дамытуына бағыт беру болды.
Кездесу барысында оқушылар мектеп формасының талаптарымен, сырт келбет мәдениетімен, мінез-құлық нормаларымен танысты. Әр қыздың мектеп айнасы екенін, ұқыптылық пен сыпайылық – олардың басты көркі екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Сонымен қатар, педагог-психолог Т.Ш.Есекенова ұйымдастырған тренингтер ерекше әсер қалдырды. Қыздар топтық жұмыстарда өз ойларын ашық айтып, бір-біріне қолдау көрсетіп, сенімділік пен ұйымшылдық дағдыларын дамытты.
Жылы атмосферада өткен кездесуден кейін әр оқушы өзіне кішкентай болса да жаңа ой, жаңа жігер алды. Қыз – мектептің көркі, тәртібі – мектептің өркениеті. Осындай шаралар арқылы біз қыздарымыздың бойына мәдениет, сыпайылық, жауапкершілік және өзін қадірлеу қасиеттерін сіңіруге жол ашамыз.
#АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей