11 қаңтар дүниежүзілік қорықтар күніне орай "Қазақстанның қызыл кітап беттерінен" атты акцияға орай мектебімізде іс-шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында "Қызылкітапты білесің бе?" викторинасы, 5-6 сыныптар аралығында "Табиғат әлемі" атты суреттер көрмесі, 7-9 сыныптар аралығында "Қазақстанның қызыл кітабы" тақырыбында өлеңдер оқу, челендж түсіру сынды жұмыстар жүргізілді. Апталық барысында “Семей орманы” МОТР” РММ Семей филиалының мемлекеттік инспекторлары мектебіміздің 7,8 сынып оқушыларымен қарағай тұқымын егу акциясын өткізіп, мектебіміздің биология-химия пәнінің мұғалімі Қ.Қабылтаеваны серіктестік үшін Алғыс хатпен марапатады.