"Үздік авторлық бағдарлама-2025"
Республикалық "Үздік авторлық жоба" байқауының аудандық кезеңіне мектебімізден орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.К.Ахметова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.М.Азимбаева, қазақ тілі мее әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж.Ахметова және мектептің педагог-психологі Т.Ш.Есекенова қатысты.
Ұстаздықтың жаңашылдығын, ізденісін, еңбектің шынайы нәтижесін көрсететін үздік авторлық жоба байқауына қатысып, жоғары бағаға ие болдық. Ең кереметі –орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.К.Ахметова жобаның облыстық кезеңіне жолдама алып, келесі сатыға өтті. Бұл – тек бір адамның емес, ортақ еңбектің, қолдаудың, сенімнің жемісі.
Жаңашыл идеяны жүзеге асыру оңай емес, бірақ әрбір қадам, әрбір ой, әрбір ұсыныс бүгін нәтижесін беріп тұр.
Біздің мақсат – балаларға сапалы білім, заманауи мүмкіндік беру. Авторлық жобаның жүрегі де – осы.
Алдымызда үлкен сын, үлкен мүмкіндік тұр.
Сенімдеріңізге рақмет! Жеңісіміз көп болғай! ✨
#Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей
#АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Үздік_авторлық_жоба
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей