«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» студенттермен кездесу кеші » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» студенттермен кездесу кеші
24
қаңтар
2024

«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» студенттермен кездесу кеші






      Мектебімізде мектеп түлектерімен «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» атты студенттермен кездесу кеші өтті. Студенттермен кездесу кешіне мектебіміздің 9-11сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. 
Мақсаты:
а)Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә) әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 9-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;
б) бұрыңғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;
в) мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру;
      Кездесу кеші барысында мектеп басшысы Д.А.Омаров оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өміріндегі алатын орны, маңызы туралы айта отырып, жастарға болашақтары жарқын болуына тілек білдірді. Болашақ әр мамандық иелері жас түлектерге мамандық таңдауда қателеспей, жетістікке жету жолында білімдерін кеңейтуге кеңес берді. Өздері оқып жатқан оқу орындары туралы мағлұмат берді.        Оқушылар студенттерге түрлі сауалдар қоя отырып, қызықты ойындар ойнатылды. Студенттер ұстаздарына және мектеп бітіруші жас түлектерге арналған ыстық лебіздерін білдірді. Сағынышпен келген студенттер сүйікті ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлап, алғыстарын айтып, естелік суретке түсті. Ұйымдастырушы: кәсіби бағдар беруші педагог А.С.Абдрасимова
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Абай
#ТүрксібЖОББМ