19
қазан
2023
«КЕУДЕСІ ШЫН АҚЫННЫҢ КҮЙ САРАЙЫ» атты ақындармен кездесу кеші.


Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБА аясында «КЕУДЕСІ ШЫН АҚЫННЫҢ КҮЙ САРАЙЫ» атты ақындармен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Абай облысы филиалының төрағасы. қалалық маслихаттың депутаты Мерей Қарт Мейіртайұлымен мен мектеп түлегі, Б.Исадилов ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурболат Шахимарданұлы, ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Асхан Хадырбек, мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы қатысты. Екі бөлімнен ұйымдастырылған танымдық кездесу сағатының бірінші бөлімінде оқушылар ақындармен еркін сұхбат алаңын өткізіп, екінші бөлімінде қонақтарға ән мен жырдан шашу шашты. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей
#Төрт_тоқсан_төрт_өнер_Абай_облысы
#Ақынмен_кездесу