27
қараша
2018
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде 2018 жылдың қарашаның 28 күні «Тұңғыш Президент» күніне орай онкүндік аясында өткізілген 5-6 сынып оқушыларымен «Елі сүйген - Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті, ал 8-9 сыныптар аралығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Елбасы туралы жан-жақты мағлұмат беру, оқушыларға Елбасының өмірлік жолын үлгі ете отырып, Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу арқылы патриоттық сезімдерін ояту.
Тәрбие сағатында оқушылар Елбасы туралы әдеби монтаждарымен және де өмір дерегіне тоқталып, Н.Ә. Назарбаев туралы"Кемел елдің тұңғыш президенті" тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Оқушылар әнұран айтып, туын көкке желбіретіп, патриот екенін сезіне білді.




