17
ақпан
2023
«Болашаққа бағдар» дөңгелек үстел




Тақырыбы: «Болашаққа бағдар» дөңгелек үстелМақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Семей қаласының колледждері мен Әлихан Бөкейханов Университетінен мамандар шақырылды.
Базенов Айрат Базенұлы Alikhan Bokeikhan University Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор.
Акабаева Мадина Отанқызы Alikhan Bokeikhan University Кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы.
Аргынова Жаныл Рахметулловна «Электртехника колледжі» КМҚК.
Калиева Бақытгүл Саятқызы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж Кәсіптік бағдар беру маманы.
Нурлыбек Мира «Құрылыс колледжі» КМҚК Музыкалық көркемдік жетекшісі.
«Танысу» жаттығуы мектеп психологы Т.Ш. Есекенованың тренингімен басталып, мектебіміздің директоры Д.А.Омаров балаларға дұрыс таңдау жасап, дұрыс шешім шығару керектігін айтты. Келген кәсіби бағдар беру мамандары оқушыларға оқу орындарының ерекшеліктері туралы таныстырып, бағдар берді. 11 сынып жетекшісі К.Ж.Жумабаева сұранысқа ие мамандықтар туралы баяндама оқыды. Мектебіміздің кәсіби бағдар беру маманы А.С.Абдрасимова eduser.kz сілтемесі арқылы бағдар беріп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.