21
қараша
2023
Шәкәрім университетінде «Open day of Shakarim university» ашық есік күні
2023 жылы қараша айында Семей қаласының мектеп түлектеріне арналған Шәкәрім университетінде «Open day of Shakarim university» ашық есік күні өткізілді. Іс- шара Абай облысының білім басқармасының, Семей қалалық білім бөлімінің бірлескен жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылып отыр. Түлектер үшін Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Т.Емелбаев «ҰБТ-2024» ерекшеліктері мен жаңалықтары туралы жан – жақты түсіндіріп айтты. Мектеп түлектері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу түлектері үшін өте пайдалы болды. Ұйымдастырған шара көңілді концертке ұласты. Кездесуге Түрксіб жалпы орта мектебінен 11 сынып оқушылары Абылкасова Дильназ, Дәулетханова Еркежан және мектептің кәсіби бағдар беру маманы А.С.Абдрасимова қатысты. Сондай -ақ «Мектептегі кәсіби бағдар: жаңа тәсілдері» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы Сертификат табысталды.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы