"Ұлттық құндылықтар" күні » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қыркүйек
2023

"Ұлттық құндылықтар" күні




        "Ұлттық құндылықтар" тақырыбында 15 -қыркүйек күні мектебімізде 5-11 сынып аралығында "Тілдер күніне" орай ұлттық киімдерді мен ұлттық тағамдар күні аталып өтілді.
        Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз,
бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
        «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» М. Жұмабаев
         Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен?» деген ой көпшілігімізді, әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі - ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: А.С.Абдрасимова
 
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей
#Ұлттық_құндылық_күні_Абай_облысы