23
қараша
2022
«Тілі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады»



2022 жылдың 21 қараша күні «Тілі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады» атты гуманитарлық пәндер апталығының салтанатты ашылуы өтті. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі -ұлтаралық қатынынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», деген болатын. Н.Ә.Назарбаев алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр.
Тіл тазалығы үшін күрес–тіл мәдениеті үшін күрес. Сондықтан да оқушылар тіл тазалығын сақтауға,тіл мәдениетін игеруге, әдепті, келісті, мәдениетті сөйлеуге үйренуі керек. Халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді көп білуге, оларды орынды қолдана алуға, өзіндік сырын, мән-мағынасын тани білулері тиіс.
Апталықтың ашылу салтанатына 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар салтанатты лездемеде үш тілде өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Олай болса, өз ана тілімізді құрметтеу-перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.