Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Д.А.Омаровтың 2022-2023 оқу жылына ақпараттық есебі. » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Д.А.Омаровтың 2022-2023 оқу жылына ақпараттық есебі.
20
желтоқсан
2023

Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Д.А.Омаровтың 2022-2023 оқу жылына ақпараттық есебі.

      2022-2023 оқу жылы мектеп ұжымы үшін табысты жыл болды, білім сапасы 54 пайызды құрады, осы жылы мектеп түлектері 100 пайыз ЖОО ның мемлекеттік оқу грантына ие болды, 11 сыныпты тәмәмдаған 1 оқушы Үздік аттестат, 9 сыныпта 2 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Ғылым негіздерінен өткізілген қалалық олимпиадаға қатысқан 5-11 сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен ІІ орын және екі оқушы ІІІ орын, математикадан ІІІ орын, Қазақстан тарихынан І орын және екі оқушы ІІІ орын, орыс тілі пәнінен ІІ және екі оқушы ІІІ орын, жаратылыстану пәнінен ІІ орын, дүниетану пәнінен ІІІ иеленді. Ғылым негіздерінен өткізілген облыстық олимпиадаға екі оқушы қатысты. Ж Күшікұлы атындағы биология пәнінен өткен олимпиадада ІІІ орын Республикалық ғылыми жобалар конкурсына 8 қатысып 3 оқушы ІІІ орынға иеленді. РҒПО «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Менің кіші Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурста екі оқушы ІІІ орын иеленді.
        1-4 с барлығы 68 оқушы, 5-11сыныптарда -26 оқушы барлығы 99 тегін ыстық тамақпен қамтылды.  Мектеп спорт залының шатырына 4 млн 890 мың тенгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу қазандығының жұмсақ жабынына 600 мың тенгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 млн 450 мың тенгеге сорғылар торабы ауыстырылды.
        Мектеп ғимаратын аз қозғалатын тұрғындарға әлеуметтік бейімдеу жұмыстарына 3млн 800 мын тенге жұмсалып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
         19 млн 040 тенгеге мектеп ғимаратының екінші қабатын және шағын орталықты ағымды жөндеу жұмыстары жасалды.
ҚР ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына арналған "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы Ерік Расул Саятұлы марапатталып қазіргі күнде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы. "Педагогикалық идеялар" фестивалінің қалалық кезенінен биология пәні мұғалімі Д.А.Омаров ІІІ орынмен, "Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы" өңірлік байқауында көркем еңбек пәні мұғалімі Гульзат Женисбековна Байканова жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Түрксіб_ЖОББМ_Семей _Абай_облысы