24
қараша
2023
«Ұлағат" ұлттық жобасы іске асырылуда.




Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде биылғы оқу жылынан бастап «Ұлағат" ұлттық жобасы іске асырылуда. Ұлттық жоба бойынша әр сыныпқа тақырыптар беріліп, әр айдың соңғы жұмасы балалар ұлттық киіммен келіп, «Ұлағат» жобасы бойынша сынып сағаттары өткізіледі.Бүгін 2-4 сынып мұғалімдері Н.Ы.Касымова, М.С.Асанова, Ж.К.Апбасовалар «Бес табан», «Бес асық» ұлттық ойындарының челенджін жалғастырып ұлттық ойын арқылы оқушыларды ептілікке, алғырлыққа, шапшандыққа , тапқырлыққа баулу мақсатында асық ойындарын ойнатты.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
#Ұлағат_ұлттық_жобасы
#Ұлттық_мүдде_құндылығы