24
қараша
2023
«Асық ату» және «Бес тас» қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс




Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Тоғыз ай тоғыз іс шара» жобасы аясында мектеп оқушылары ұлттық құндылықты дәпіптеу.Қарашаның 21 күні мектебімізде коғамдық- гуманитарлық пәндер онкүндігінің аясында 3-6 сынып аралығында «Асық ату» және «Бес тас» қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтті.
Мақсаты: ұлттық ойындары арқылы балалардың, ептілікке, дәлдікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Асық ойынына деген қызығушылығын арттыру. Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Жарыс барысында:
4-сынып -1 орын
5-сынып-2 орын
3-сынып-3 орын
орындарға ие болды, барлық оқушылар сыйлықтармен және грамотамен марапатталды. Ұйымдастырған: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.С.Абдрасимова.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы