Ақпарат » Страница 27 » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Заттардың қасиеттері " атты ашық сабақ
15
қараша
2022
"Заттардың қасиеттері " атты ашық сабақ
4-сынып оқушыларында "Заттардың қасиеттері " атты ашық сабақ өтті. Мақсаты: Заттардың қасиеттері туралы түсінік беру және оны қолдану. Сынып жетекшісі: Самал Серікбекқызы
"Жаңаша оқыту-жетістік көзі" апталығы
15
қараша
2022
"Жаңаша оқыту-жетістік көзі" апталығы
Қарашаның 14-і күні Түрксіб мектебінде бастауыш сынып мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің "Жаңаша оқыту-жетістік көзі" апталығы аясында "Не? Қайда? Қашан?" атты зияткерлік-танымдық ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру. Бүгінгі ойынның құрастырылған сұрақтары, оқушылар үшін өте қызықты болды. Кері байланыс кезінде топ мүшелері өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, кітапханамен байланыста болу керек екеніне көз жеткізді.
Валюта күні
15
қараша
2022
Валюта күні
Валюта күніне орай 1сынып оқушыларына мектептің мұражайында сынып сағаты өтті, 9 сынып оқушысы Иманбаева Назым оқушыларға теңгенің тарихы жайлы әңгімелеп берді және валюта үлгілерімен таныстырды.
«ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ» апталығы
15
қараша
2022
«ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ» апталығы
Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде 7-14 қараша аралығында жаратылыстану пәндер бірлестігі «ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ» апталығын өткізілді. Апталықтың мақсаты: оқушыларға білімнің қажеттілігін сезіндіру, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін дамыту. 5-10 сыныптар аралығында өткен апталыққа жаратылыстану бағытындағы барлық пәндер бойынша оқушылар белсене қатысты. Апталық барысында мұғалімдер интеллектуалды сайыстар, спорттық жарыс, сыныптан тыс іс-
ДЗЮДО күресінен« ТАРЛАН» біріншілігі
09
қараша
2022
ДЗЮДО күресінен« ТАРЛАН» біріншілігі
🥇Құттықтаймыз!!! Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Мерейбекұлы Илияс ДЗЮДО күресінен 2007-2009, 2010-2011, 2012-2014 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында өткен «ТАРЛАН» біріншілігінің 42 келі салмақ дәрежесінде І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Илиясқа спорттық сайыстарға табыстар тілейміз!!!
«Қамқоршылар күні» декадасы
08
қараша
2022
«Қамқоршылар күні» декадасы
21-29.10.2022 аралығында «Қамқоршылар күні» өтуіне байланысты Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде «Қамқоршылар күні» декадасы өткізілді. Ертіс ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері Сағынбаева Ш.Д., Рахматуллин Қ.М., Тулеубеуова А.Т. әлеуметтік аз қамтылған үш отбасыға демеушілік жасап, азық-түлікпен көмектесті. #Қамқоршылықкүні @abai_bilim_basgarmasy
МБЖОРСМ-нің біріншілігіне 2007-2008 жас аралығында өткізілген кикбоксинг
08
қараша
2022
МБЖОРСМ-нің біріншілігіне 2007-2008 жас аралығында өткізілген
Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Даулетханов Еркебұлан №2 Абай облыстық МБЖОРСМ-нің біріншілігіне 2007-2008 жас аралығында 51 келі фулл салмақ дәрежесінде өткен кикбоксингте ІІІ орын иеленді. Еркебұланды тамаша жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир
08
қараша
2022
Жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир
Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Маратбек Алижан 2008-2009ж.т. жасөспірімдер арасында Ермек Оразаевты еске алуға арналған ашық облыстық турнирде 60 келі салмақ бойынша қатысып ІІІ орын иеленді. Алижанға жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!
«БАСТАУ – 2022» дебат ойындарынан турнир
08
қараша
2022
«БАСТАУ – 2022» дебат ойындарынан турнир
Семей қаласы "Алихан Бөкейхан университетінде" Республика күніне орай оқушылар арасында облыстық «БАСТАУ – 2022» дебат ойындарынан турнир өткізілді. Турнирге "Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінен" «Болашақ бағдар» және «Намыс» топтары қатысты. Қатысқан 40 команданың ішінен «Болашақ бағдар» тобы екінші кезеңге өтіп, қарсыластар арасында ашық пікірталасқа түсті. Дебат клубының жетекшісі, тарих ғылымдарының магистрі Н.Н.Толеужанов және қатысушылар Жунусова Е., Ертарғынова Ж., Мәдениетова
"Болашаққа қадам" тақырыбында психологиялық тренинг
08
қараша
2022
"Болашаққа қадам" тақырыбында психологиялық тренинг
9,10,11 сынып оқушыларына "Болашаққа қадам" тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты:оқушылардың дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін арттыру, күйзелістен арылту және эмоционалдық көңіл күй сыйлау. Кәсіптік бағдар беру. Педагог-психолог: Т.Ш.Есекенова