Ақпарат » Страница 21 » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Наурыз 2023»
20
наурыз
2023
«Наурыз 2023»
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде" «Наурыз 2023» мерекесі өткізілді. Мерекеге 5-11 сынып оқушылары қатысып, тақырыптық ән айтылып, күй тартылып, би биленді. Қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, "Ұлттық ойындардан" бес тас, тоғызқұмалақ, асық ойындары ойнатылып, арқан тартылды. Қыдыр ата көпшіліке бата беріп, Ұмай ана шашуын шашып мерекенің сәнін келтірді. #наурыз2023
"Наурыз мейрамы" атты ұлттық домбырашылар челленджі
17
наурыз
2023
"Наурыз мейрамы" атты ұлттық домбырашылар челленджі
Домбыра - қазақтың асыл қазынасы. Наурыз мейрамына орай республикалық көлемде "Наурыз мейрамы" атты ұлттық домбырашылар челленджі өтті.  Челенджге Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі Құрманғазының "Балбырауын" күйімен қатысты. Мақсаты: өскелең ұрпақты ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтап, ұлттық музыкалық аспапты насихаттау.  #наурызмейрамы #наурызкүйі
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі
15
наурыз
2023
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі
Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету. Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын! Амал күні қазағым көріседі. Көрісу, бұл көненің желісі еді. 14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде мектебімізде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысып, кешірім сұрасып, наурыздың алғашқы күні атап өтілді. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Көрісу мейрамы
14
наурыз
2023
Көрісу мейрамы
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 4-сыныптың жетекшісі Самал Серікбекқызы және оқушылары 14 наурыз - Көрісу мейрамы деп жылы лебіздерімен бөлісті. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысты. 14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық-саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
"Көрісу күні"
14
наурыз
2023
"Көрісу күні"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде" 3 сынып оқушыларына 14 наурыз "Көрісу күні" жайлы түсінік берілді. Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні амал мерекесі туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
“Көрісу амалы”
14
наурыз
2023
“Көрісу амалы”
"Түрксіб ЖОББМ"-дегі кітапханада 14-ші наурыз “Көрісу амалы” күніне байланысты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі “Көрісу” мерекесінің ерекшелігімен таныстыру арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.
"Менің болашақ мамандығым"
04
наурыз
2023
"Менің болашақ мамандығым"
Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларының аралығында кәсіби бағдар беру маманы А.С.Абдрасимованың ұйымдастыруымен "Менің болашақ мамандығым" такырыбында сыныптан тыс жұмыс өтті. Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
"Алғыс айту парызымыз!"
01
наурыз
2023
"Алғыс айту парызымыз!"
2-4 сыныптарда "Алғыс айту парызымыз!" атты іс-шара өтті. Мақсаты: Ризашылық пен алғыс, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік пен ізеттілік қарым-қатынастарын дамыту. Өткізген: Қасымова Н.Ы., Апбасова Ж.К., Жүнісқалиева С.С.. 
Сейсмикалық оқу жаттығулары
01
наурыз
2023
Сейсмикалық оқу жаттығулары
"Түрксіб ЖОББМ"-де апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларына сейсмикалық оқу жаттығулары өтті.
"Алғыс күніне" байланысты шолу сабақ
28
ақпан
2023
"Алғыс күніне" байланысты шолу сабақ
"Түрксіб ЖОББМ"-дегі кітапханада "Алғыс күніне" байланысты шолу сабағы өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа ұлт аралық достықты түсіндіре отырып, төлерантылық, отансүйгіштікке тәрбиелеу.