"Ерлік ұрпаққа мұра" атты дөңгелек үстел
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде 18 қаңтар "Ерлік ұрпаққа мұра" атты дөңгелек үстел өткізілді. Сынып жетекшілер онкүндігі аясында өткізілген іс-шараға 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Мақсаты: - Оқушылардың білімдерін тереңдету,туған өлке туралы мәлімет беру; - Танымдық белсенділігін арттыра отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; - Шәкірт жүрегінде Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған жеріне, елін құрметтеу.