«ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ» апталығы » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қараша
2022

«ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ» апталығы








Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде 7-14 қараша аралығында жаратылыстану пәндер бірлестігі «ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ» апталығын өткізілді.
Апталықтың мақсаты: оқушыларға білімнің қажеттілігін сезіндіру, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін дамыту.
5-10 сыныптар аралығында өткен апталыққа жаратылыстану бағытындағы барлық пәндер бойынша оқушылар белсене қатысты.
Апталық барысында мұғалімдер интеллектуалды сайыстар, спорттық жарыс, сыныптан тыс іс- шаралар мен ашық сабақтар өткізді.
Д.А.Омаров биологиядан, 8-сынып, "Қанның құрамы мен қызметі", А.Мубарак информатикадан сабағы, 6-сынып, «3D редактор құралдары», Сыдыков Р.Т. физикадан, 7-сынып, "Денелердің өзара әрекеттесуі", Бекетов М.Б. дене шынықтырудан, 10 сынып, «Баскетбол ойынының әдіс тәсілдері», Есекенов Ф.М., 5- сынып, «Волейбол ойыны, допты үстінен беру және астынан қабылдау әдісі», Байканова Г.Ж. көркем еңбектен, 6-сынып, «Тоқу өнері. Тоқу тәсілдері мен техникалары» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, балалар қызықты ақпараттармен танысып, ұстаздар интербелсенді әдіс-тәсіл түрлерімен тәжірибе алмасты.
Баланың пәнге белсенділігінің артуы күнделікті сабақтан өзгерек ашық сабақтар мен пәндік іс-шаралар екені даусыз. Д.Д. Сәлімованың 7-сыныпта «Математикалық сандық» ойыны, Р.Т. Сыдыковтың 8-сыныптағы «Қызықты физика әлемі», А.Мубарактың 9сыныптағы «IT battle» сайыс сабағы, Г.Ж. Байканованың 5-9 сынып қыздарға арналған шеберлік сағаты мен М.Б.Бекетов, Ф.М.Есекенов ұйымдастырған 5-7 сыныптарда ұлдар мен қыздар арасындағы баскетболдан өткен мектепішілік жарыстар апталықтың көркін қыздырды
14.11.22 жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Мүбаракқызы апталықты қорытындылап, белсене қатысқан балаларды, баскетболға қатысқан командалар мен үздік ойыншларды марапаттады.