Терроризмге қарсы түсінік жұмыстары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ҚР Премер –Министрі Ә.А.Смайловтың тапсырмасына сәйкес 12 мамыр күні Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде оқу-жаттығу өткізді. Мектептің кіші қызметкерлері, мұғалімдері және 9-11 сынып оқушылары, 50 адам қатысқан оқу жаттығу жұмысын мектептің АӘД мұғалімі А.А.Омаров өткізді. Оқу-жаттығу шеңберінде білім беру обьектілерін терроризмге, мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге сәйкес түсінік жұмыстарын жүргізді.