04
мамыр
2023
«Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанаты

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде 2-сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан республикасының әнұранымен ашылды. Салтанатты жиынға сынып мұғалімдері мен 1,3,4 сыныптар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде АНТ берді. Мектеп әкімшілігі мен мектебіміздің ардагер ұстаздары Г.Ж.Жумабаева, Н.Ы.Касымова «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, төс белгілерін тағып берді.Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Омаров Даулен Айтмухамбетұлы сөз сөйлеп, «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін айтты.
Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды. Қабылданатын оқушылар «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершілігінің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.