«Жасыл мекен» челленджі » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
мамыр
2023

«Жасыл мекен» челленджі



«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджіне Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында өткен челенджге 6-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.
6-9 сынып оқушылары оқу тәжірибе үлескелерін реттеп, мектеп гүлзарларын жаңаласа, ұстаздар оқу тәжірибе үлескесіндегі жеміс ағаштарына өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Биылғы мектеп түлектерінің ата-аналары мен 2012 жылғы түлектеріміздің демеушілігімен мектеп ауласына 8 шырша көшеті сыйға тартылды.
Мектептің биылғы түлектерінің шырша көшеттерін 11 сынып оқушылары, 10 жылдық түлектер көшетін түлектер атынан ауылдың бас маманы Н.С.Иманбаев мектеп ағаларымен бірлесіп отырғызды.
«Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» демекші, осы егілген шырша көшеттері келешекте қаулай өсіп, ұрпақтар игілігіне жарары сөзсіз.
#табиғатқақамқорлық
#жасылмекен
#еңбекқорлық