«ӘЖЕЛЕР СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ» » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сәуір
2023

«ӘЖЕЛЕР СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ»



21.04.2023 Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде «ӘЖЕЛЕР СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ» атты тәрбиелік-танымдық кездесу сағаты өткізілді. «Тағылым» әжелер мектебінің жетекшісі К.К.Жакаева мен мектеп психологі Т.Ш.Есекенованың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға «Тағылым» әжелер мектебінің мүшелері, 8,9-сынып қыздары, мектеп директоры Д.А.Омаров, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Табилтайқызы қатысты.
Әжелермен ашық әңгіме өткізіліп, сергіту ойындарын ойнатып, сұрақ-жауап жүргізілді
Әжелер балалық шақтарына саяхат жасап, өз замандарындағы мектеп ережесі, мұғалім мәртебесі мен қыздар тәрбиесіне саяхат жасады.
Балалар әжелерге әннен шашу шашып, көркем еңбек сабағында жасаған қолөнер туындысын сыйға тартты.
Мектеп директоры Д.А.Омаров «Тағылым» әжелер мектебінің бүгінгі ұрпақ үшін берер құндылықтарына тоқталып, келген әжелеріне алғысын білдірді.