20
наурыз
2024
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесі.







Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған қазақ халқы үшін кез келген мерекенің орны айрықша. Әсіресе, Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту дәстүрі жылдан-жылға қанатын жайып келеді. Әз-Наурыз – ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбиесін, руханиятын айшықтайтын мейрам. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені мектепте атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида."Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" тақырыбында мектебімізде наурыз мерекесі өтті. 5- сынып қыздары «Қамажай» биін, 9-сынып "Қара жорға", 10-сынып оқушысы "Балқадиша" биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар алтыбақан, арқан тартыс, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, Қызыр ата, Ұмай ана, Наурыз Аруы көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «ерулік», «тұсау кесу», «баланы бесікке салу», "аластау", «шашу шашу" сынды ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Табильтай іс-шараның қонақтарын, ата-аналарды, мектеп ұжымына ақ тілегін айтып құттықтады. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.#күйкүмбірі
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#semey_bilim_bolimi
#Қош_келдің_Әз_Наурыз