24
қазан
2023
25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған "Қыран елім - Қазақстаным" мәнерлеп оқу сайысы


"Түрксіб жалпы орта білім беретін" мектебінде 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында "Қыран елім - Қазақстаным!" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Сайысқа 2 - 9 сыныптың поэзияға жаны құмар білім алушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Оқушылар ел мен жер, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы көрсетті. Төл әдебиетіміздің шоқтығы биік ақындардың шығармаларын жүрекпен айта білген оқушылардың бойынан үлкен жауапкершілікті сезініп дайындалғаны байқалады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назгүл Маратқызы Азимбаева мен тәрбие ісі меңгерушісі Серікгүл Табилтайқызы ұйымдастыруымен өткен сайыста қатысушылар I ,II, III орындар мен марапатталды.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей
#Республика_күні_Абай_облысы