«ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ РУХАНИЯТЫ» атты біркүндік » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ РУХАНИЯТЫ» атты біркүндік
22
қазан
2022

«ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ РУХАНИЯТЫ» атты біркүндік







20.10.22. Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ әдебиеті журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ РУХАНИЯТЫ» атты біркүндік өткізілді.
Бірыңғай күн Шерхан Мұртазаға арналған салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиында мектеп кітапханашысы Т.Г.Тұрарбекқызы қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, балалар «Бір кем дүние» кітабынан үзінділер оқыды. Мектеп директоры Д.А.Омаров балаларға салтанатты жиынның танымдылығын түсіндіріп, Шерхан Мұртазаның ТІЛ туралы айтылған ұшқыр ойлы, өткір тілді пікірлері жайлы ақпарат берді.
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Ж.Ахметова 8-сынып оқушыларымен «Жүз жылдық жара» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқушылар Ш.Мұртазаның «ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАРА» әңгімесін ДЖИГСО әдісі арқылы талдай отырып, жазушының қайталанбас суреткерлігін таныды.
9-сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі А.С.Абдрасимова мен тарих пәнінің мұғалімі Н.Н.Төлеужанов «ЖҮРЕКТЕН МАРЖАН ІЗДЕГЕН» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында Ш.Мұртазаның аудармалары мен журналистика саласында сіңірген еңбектеріне тоқталды.
Мектеп кітапханашысы Г.Т.Тлемысова, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.М.Азимбаева 10-11 сыныптар арасында ұлттың рухын көтерген шығармасы «Қызыл жебе» роман-эпопеясына ойталқы өткізді. Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе"романы бойынша10-11сыныптардың қатысуымен ойталқы өтті. Оқушылар көркем шығарма мазмұнының кейіпкерлерінің қаһармандық іс-әрекетін, мінез-құлқын жете түсініп, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмір жолы туралы жан-жақты мәлімет беру. Оқушылардың көтерілген мәселе бойынша ойларын, көзқарасын сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, өз елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу, Отансүйгіштікке баулу.
Халық жазушысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қайсар мінезді қаламгердің 90 жылдығына арналған танымдық біркүндігі қаламгердің «...ХХІ ғасырдың қазағы «Мен-тәуелсізбін» деп кеуде ұрмайтын, «Мен сондаймын!» деп мақтана бермейтін, бар ісін үндемей тындыратын, елін жайғастрып, жерін жасарттыратын азамат болу керек»... деген сөзімен аяқталды.