22
қазан
2022
25 қазан Республикасы күніне орай салтанатты жиын








22.10.2022. Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан Республикасы күніне орай салтанатты жиын өткізіліп, 5 сыныптың оқуда үздік оқушылары Төлеубек Айымгүл, Асхан Нартай, Тоқтархан Дариға, Шынболатқызы Перизат, Маратбек Қарақат, Қайырханов Бекжан «ЖАС ҰЛАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылданды.1-сынып мұғалімі Н.Ы.Қасымжанова "ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ САЯХАТ" тақырыбына тәрбие сағатын өткізді. Әнұранмен басталған танымдық тәрбие сағатында кішкентай бүлдіршіндеріміз еліміздің елтаңбалары және еліміздегі ұлы тұлғалар жайлы ақпараттармен танысты. «...Үлкен Отанымыз Қазақстан, кішкентай отанымыз Түрксіб»... деген бүлдіршіндер білім ордасынан қанаттанып ұшқан соң кінкентай Отандарын көркейту жолдарымен бөлісті. Тәрбие сағатын сынып бүлдіршіндерінің Республика күніне арнайы дайындаған биімен аятады.
2-4 сынып оқушыларымен сынып мұғалімдері М.С.Асанова, Ж.К.Апбасова, С.С.Жүнісқалиевалар Республика күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Туған жерін, туған елін, халқын ардақтауға тәрбиелеу, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру мақсатында өткізілген салтанатты жиында балалар білімдерін Республикамыз жайлы көптеген мәліметтермен толықтырып қайтты.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңі, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті 10-11 сыныптар арасында «ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ - ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» атты әскери-патриоттық сайыс өткізілді.
Әскери - патриоттық сайыстың мақсаты – патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру. Бес кезеңнен ұйымдастырылған сайыста оқушылар бақтарын сынады
Мұқағалиша айтсақ: «ҮШ БАҚЫТТЫҢ» бірі, Бауыржанша толғансақ «ОПАСЫЗДАРҒА ОРЫН БЕРІЛМЕЙТІН ПӘК МЕКЕН», Мұхтарша жазсақ «АЛТЫН АНАМЫЗҒА» теңер сүйікті Отанымызды сүю – бүгінгі әр перзенттің парызы. Ал Отанына адал ұрпақты білім мен тәрбие бесігінде қатар тербету ұстаздарға МІНДЕТ. Бүгін арман әлемінің төріндегі ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ көк байрағын көкте желбіретер шәкірттерімізге сеніміміз мол.