«ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ» атты біркүндік » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ» атты біркүндік
27
қыркүйек
2022

«ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ» атты біркүндік










🔸23. 09. 2022 Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР –нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ» атты біркүндік өткізілді.
🔸5-8 сынып аралығында танымдық жиын өткізіліп, жиынға сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. 5-8 сынып оқушыларына М.О.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріліп, балаларға танымдық сұрақтар қойылды.
🔸10-11 сынып жетекшілері К.Ж.Жумабаева, Н.К.Ахметова сынып оқушыларымен «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында сынып сағатын өткізіп, жазушының негізгі тақырыптары – әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр тағдыр туралы ұлы тұлғаның шығармашылығымен таныстыра отырып, сұқбаттасу сабағын өткізді.
🔸5-9 сыныптар арасында пән мұғалімдері Г.Ж.Ахметова мен А.С.Абдрасимова «Қазақтың өзгеше мінездері», «Адамдық негізі – әйел», «Оқудағы құрбыларыма», «Қайсысын қолданамыз», «Ғылым тілі» тақырыптарын ұсынып, оқушылар қалаулы тақырыптары бойынша эссе жазды.
🔸 10-11 сыныптар арасында мектеп кітапханашысы Г.Т.Тлемысова, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.М.Азимбаеваның ұйымдастырылуымен М.О.Әуезовтың монографиялық еңбегі Қырғыз эпосы – «Манас» туралы ойталқы өткізіліп, мектебіміздің «Жас дарын» драма үйірмесі М.О.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесінен үзінді сахналады.
🔸 26.09.20 мектеп лездемесінде мектеп директоры Д.А.Омаров «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ🔸» біркүндігі бойыншы жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, белсенділік танытқан балалар марапатталды.
.О.Әуезов125жыл