16
қыркүйек
2022
«Тіл - ел тірегі» тақырыбында апталықтың қорытынды кеші


«Тіл - ел тірегі» тақырыбында апталықтың қорытынды кеші өтті. Максаты: "Жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру,тіл мерейін көтеру.
Елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Апталықты ұйымдастырушыларға және осынау шараға белсене қатысушы окушыларға алғыс білдірді. Қорытынды кеш барысында өткізілген сайыс пен түрлі шара жеңімпаздарының үздік жұмыстары көрермендер назарына ұсынылып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушылар кешке белсене қатысты. Абайдың әндерін айтып, өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. "Жас дарын" драмалық үйірмесінің ұйымдастырылуымен М.О.Әуезовтың "Қараш-караш" оқиғасының желісі бойынша үзінді көрсетті. 9-сынып оқушылары би билеп, хорға белсене қатысты. Апталыты тіл мамандары ерекше жауапкершілікпен өткізді.