"Жаңаша оқыту-жетістік көзі" атты апталықтың жабылу салтанаты
Бастауыш сыныптар аясында "Жаңаша оқыту-жетістік көзі" атты апталықтың жабылу салтанаты өтті. Осы апталықта белсене қатысқан оқушылар аталып, осы онкүндікте математикалық ребустар мен сөзжұмбақтарды дұрыс шешіп, тапқырлық танытқан ұшқыр ойлы оқушылар марапатталды.