29
қараша
2023
Балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету және қауіпсіздігі
Ғани Бейсембаев министрлікте өткен аппарат отырысында балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз етуді және қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. - «Балалардың қауіпсіздігіне тек мемлекеттік органдар ғана емес, әрбір азамат, әрбір жеке кәсіпкер жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тек осылай ғана біз балаларымыз үшін жайлы және қауіпсіз орта жасай аламыз. Қазір білім ошақтарындағы қауіпсіздікті күшейту және тамақтануды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Сондықтан, әсіресе кәсіп иелері осыны түсініп, үлкен жауапкершілікпен қараса екен деймін»- деді.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
#Сапалы_тамақтану