«Жаңа мектепке - жанашыл ұстаз» » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ақпан
2023

«Жаңа мектепке - жанашыл ұстаз»

🔸 Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Жаңа мектепке - жанашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
🔸 16-20 аралығында өткізілген байқауға Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінен тарих ғылымдарының магистрі, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Төлеужанов Нұрасыл Нұрланұлы қатысты. Жас та болса балаларды өз пәніне қызықтыра білген Н.Н.Төлеужанов Қазақстан тарихы пәнінен қалалық олимпиаданың І орын иегерін дайындаған ұстаз.
🔸 Н.Н.Төлеужанов өзіне жүктелген мектеп ұжымының сенімін ақтап ІІ ОРЫН иеленді. Н.Т.Нұрланұлын жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! @bilim_bolimi_semey @semey_bilim_bolimi