Ақпарат » Страница 7 » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» VIII облыстық ғылыми конференциясы.
04
наурыз
2024
«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» VIII облыстық ғылыми конференциясы.
        2024 жылдың 2 наурыз айында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті мектеп және колледж оқушыларына арналған «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» VIII облыстық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты: оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау.       Конференцияға 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және ұстаздар (ғылыми жетекші ретінде) шақырылды.       Біздің мектептің 9 сынып оқушылары Маратбек Кәусар,
Т.Базарбаев атындағы IV халықаралық фестиваль-байқауының I орын иегері.
02
наурыз
2024
Т.Базарбаев атындағы IV халықаралық фестиваль-байқауының I орын
Мектебіміздің 11сынып оқушысы Даулетханова Еркежан Т.Базарбаев атындағы IV халықаралық фестиваль-байқауының I орын иегері. ЕРКЕЖАНДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей   #Мектептің_ішкі_тәртіп_ережесі   #semey_bilim_bolimi   #Мектеп_парламенті   #Түрксіб_ЖОББМ
"Алғыс айту-парызым!" шолу сағаты өтті.
01
наурыз
2024
"Алғыс айту-парызым!" шолу сағаты өтті.
  Түрксіб ЖОББМ-дегі кітапханада 1наурыз алғыс айту күніне орай  "Алғыс айту-парызым!" шолу сағаты өтті.  Мақсаты: оқушыларға достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi #1наурызалғысайтукүні
24.02.2024 ж. сағат 11:00 де, біріңғай сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
23
ақпан
2024
24.02.2024 ж. сағат 11:00 де, біріңғай сейсмикалық оқу-жаттығуы
     24.02.2024ж. сағат 11:00 де, біріңғай сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Ауа райының суықтығына байланысты оқушылар онлайн сабақта болды. Оқу-жаттығу мектеп мұғалімдері мен жұмысшылар белсене қатысты. Оқу-жаттығуды мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Омаров Адлет Айтмухамбетович өткізіп, дәріс оқыды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей   #Мектептің_ішкі_тәртіп_ережесі   #semey_bilim_bolimi   # Сейсмикалық_оқу_жаттығу   #Түрксіб_ЖОББМ
"Үздік сынып жетекшісі-2024" сайысы
23
ақпан
2024
"Үздік сынып жетекшісі-2024" сайысы
     21.02.2024ж. мектебімізде сынып жетекшілер онкүндігі аясында "Үздік сынып жетекшісі-2024" сайысы өтті. Бас жүлдені 8сынып жетекшісі: Мубарак Арман ұтып алды. 1орын 11сынып жетекшісі: Ахметова Нургуль Калькеновна. 2 орын 6 сынып жетекшісі: Қабылтаева Қарақат Жеңісқызы. 3 орын 9 сынып жетекшісі: Ахметова Гульназ Жолдыбаевна және номинациямен 10сынып жетекшісі: Садиканова Ақмарал Бақытовна марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" ұйымдастыруымен, Ауған соғысының 35 жылдығына орай 1-11 сынып әкелері арасында волейбол ойынының жарысы.
17
ақпан
2024
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" ұйымдастыруымен,
     Мектебімізде 17 қараша "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" ұйымдастыруымен, Ауған соғысының 35 жылдығына орай 1-11 сынып әкелері арасында волейбол ойынының жарысы өткізілді. Жарысқа Мұқыр ауылының тумасы, ауылымыздың азаматы Абралин Қуаныш демеушілік жасап, 1-11 сынып әкелер арасынан 8 команда сайысқа түсті. Жарысқа жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей_қаласы #Ата_аналарды_қолдау_орталығы #Ар_ұят_құндылығы #Әкелер_ағалар_мектебі #Ауған_соғысына_35жыл 
«Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» атты танымдық сағат
16
ақпан
2024
«Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» атты танымдық сағат
      Мектебімізде "Даналық мектебі" жобасының "Жеңгелер мектебі" жұмысының аясында төрайымы Г.Ж.Ахметованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздары мен жеңгелерінің арасында «Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» атты танымдық сағат өткізілді.      Танымдық сағаттың мақсаты: қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орнын түсіндіру.      Қыздар жеңгелеріне сұрақтарын қойып, жеңгелері қыздар қойған сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып жауаптар беріп,
"Даналық мектебі" клубының жоспары аясында бастауыш сынып ата-аналары арасында  ұйымдастырылған "Өнерлі отбасылар" сайысы.
15
ақпан
2024
"Даналық мектебі" клубының жоспары аясында бастауыш сынып ата-аналары
"Даналық мектебі" клубының жоспары аясында бастауыш сынып ата-аналары арасында Т.Демеуғалиқызының ұйымдастыруымен "Өнерлі отбасылар" сайысы өткізілді. Ата-аналарды  мектеп өміріне араластыру,  «оқушы, ұстаз  ата-ана» үштік одақтың  ынтымақтастығын нығайту, отбасылық құндылықтарды жарыққа шығару мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ата-аналар жоғары жауапкершілікпен және белсенділікпен қатысты. Ән айтылып, "Қара жорға" биін билеген отбасыларымыз "Отбасындағы 30 сабақ" кітабының бір-бір сабақтарын
"Біз білмейтін буллинг және кибербуллинг" тақырыбындағы танымдық сағат
14
ақпан
2024
"Біз білмейтін буллинг және кибербуллинг" тақырыбындағы танымдық сағат
13.02.2024 жылы мектебімізде 5-11 сыныптарға Буллинг және кибербуллинг туралы танымдық сабақ өткізіліп, "Біз білмейтін буллинг және кибербуллинг" тақырыбында бейнеролик түсірді. Мақсаты: Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету. Информатика пәнінің мұғалімі: Мубарак А. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi #буллингвшколе #кибербуллинг
"Мұқағали Мақатаев -поэзия патшасы" атты әдеби сайыс
14
ақпан
2024
"Мұқағали Мақатаев -поэзия патшасы" атты әдеби сайыс
     Мектеп кітапханашысы Г.Т.Тлемысованың ұйымдастыруымен "М.Мақатаев-поэзия патшасы" тақырыбында әдеби сайыс өткізілді. Ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған шараға 6-9 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерін оқыды.   Мақсаты: ата-аналарды педагогикалық қолдау; ата-аналар мен мектеп  арасындағы байланысты нығайту;  күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпенімен қайтарған мәңгілік ақынды балалар жадында жаңғырту.