15
ақпан
2024
"Даналық мектебі" клубының жоспары аясында бастауыш сынып ата-аналары арасында ұйымдастырылған "Өнерлі отбасылар" сайысы.




"Даналық мектебі" клубының жоспары аясында бастауыш сынып ата-аналары арасында Т.Демеуғалиқызының ұйымдастыруымен "Өнерлі отбасылар" сайысы өткізілді. Ата-аналарды мектеп өміріне араластыру, «оқушы, ұстаз ата-ана» үштік одақтың ынтымақтастығын нығайту, отбасылық құндылықтарды жарыққа шығару мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ата-аналар жоғары жауапкершілікпен және белсенділікпен қатысты. Ән айтылып, "Қара жорға" биін билеген отбасыларымыз "Отбасындағы 30 сабақ" кітабының бір-бір сабақтарын талдады.Сайыс қорытындысы бойынша ,,Өнегелі отбасы" номинациясымен 4 сынып атынан қатысқан Шынболаттар отбасы , "Талантты отбасы" номинациясын 3 сынып атынан қатысқан Даулетхановтар отбасы, "Өнерлі отбасы" номинациясымен 2 сынып атынан қатысқан Бүркітбаевтар отбасы, "Мерейлі отбасы" номинациясымен 1сынып атынан қатысқан Дәрібаевтар отбасы марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#Ата_аналарды_қолдау_орталығы
#semey_bilim_bolimi