16
ақпан
2024
«Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» атты танымдық сағат


Мектебімізде "Даналық мектебі" жобасының "Жеңгелер мектебі" жұмысының аясында төрайымы Г.Ж.Ахметованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздары мен жеңгелерінің арасында «Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» атты танымдық сағат өткізілді.Танымдық сағаттың мақсаты: қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орнын түсіндіру.
Қыздар жеңгелеріне сұрақтарын қойып, жеңгелері қыздар қойған сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып жауаптар беріп, қыз-жеңге арасына жағдаяттар қойылып, ұлттық ойындар ойнатылды.
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#Ата_аналарды_қолдау_орталығы
#semey_bilim_bolimi
#Ар_ұят_құндылығы