"Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру" атты ашық сабақ
Қарашаның 11 -і күні Түрксіб мектебінде бастауыш сынып мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің "Жаңаша оқыту-жетістік көзі" апталығы аясында 3 сыныпта математика пәнінен "Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру" атты ашық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылар бөлшекті - бүтіннің бір, не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсінеді. Жай бөлшектерді оқиды, жазады, бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстырады. Сынып жетекшісі: Ж.К.Апбасова