20
қыркүйек
2024
Жылпа ата-аналар жиналысы: «Бала тәрбиесі ортақ міндет»
20.09.2024ж. күні "Түрксіб ЖОББМ" КММ-де жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында күн тәртібіне сәйкес мектеп директоры Д.А.Омаров 2024 жылы оқу орнында жасалған жөндеу жұмыстары жайлы есеп пен 23-24 оқу жылындағы білім сапасы, балалардың жеткен жетістіктеріне тоқталды. ДТІЖО орынбасары С.Табилтай "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы туралы ақпарат беріп, мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.