03
мамыр
2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында Түрксіб ЖОББМ «Өнегелі ұрпақ» апталығы жалғасуда. 3 мамыр күні 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі Садыканова А.Б., мектеп тәлімгері Мадениетова Г.С. “Ардагерлерді ардақтайық” атты ұранмен жалғызбасты Балқия апаның үйіне барып аула тазалығын жүргізді. Балқия апа “ Мектеп оқушылары күн жылынуына байланысты үйдің ауласын тазартып, маған көмектерін көрсетуде. Жыл сайын бізді ұмытпай келіп көмектерін көрсетіп жатқан мектеп басшылығымен ерікті жастарға алғысым шексіз” - деді.
#Өнегелі_ұрпақ
#Таза_Қазақстан
#Ардагерлерді_ардақтайық