06
маусым
2023
"Балауса"жазғы демалыс лагері

04.06.2023жыл мектебімізде "Балауса"жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Балалар лагерьдің ашылу салтанатында ән айтып,би билеп,көңілді қызықты ойындар ойнатылды. Балалар саябаққа барып шағын концерт тамашалап артынан балаларға тегін балмұздақ таратылды. Тәрбиешілер балаларды топқа бөліп күн тәртібімен таныстырып қауіпсіздік ережерімен таныстырды. "Рәміздер күні"болғандықтан балалар рәміздер туралы суреттер салды. Топтық сұрақ жауаптар да қойылып балалар қызығып белсене жауап берді. "Қимыл ойындары" тақырыбында балалар әр қалауымен флешмоб дайындап өз өнерлерін ортаға салды.Балаларға көңілді де қызықты болды.