«КҮЗ СЫЙЫ» көрмесі, «АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ» тақырыбында күзгі бал кеші » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «КҮЗ СЫЙЫ» көрмесі, «АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ» тақырыбында күзгі бал кеші
22
қазан
2022

«КҮЗ СЫЙЫ» көрмесі, «АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ» тақырыбында күзгі бал кеші










🔸19-20.10.22 күндер аралығында Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің шағын орталықтары және 1-6 сыныптар аралығында «КҮЗ СЫЙЫ» көрмесі өткізілді. Балалар көрмеге күзгі көкөністер мен жемістерден әр түрлі мүсіндер мен композициялар жасады.
🔸20.10.22 сыныптар аралығында «АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ» тақырыбында күзгі бал кеші өткізілді. Кеш 6 кезеңмен ұйымдастырылып, қатысушылар сынға түсті.
1-кезең. «Сәлем –сөздің атасы»-бұл бөлімде әр жұп өздерін таныстырады (әнмен, қара сөзбен, қойылым қою арқылы таныстыруға болады)
2-кезең. Өнерлі өрге жүзер /ән,би немесе пародия/
3-кезең.«Күзгі дастархан» (Күзгі көкөністерден, жеміс — жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
4-кезең.«Кім білгір?»«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. (сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,мақал-мәтелді жалғастыру).
5-кезең. «Сымбат көрік,сәндік өнер».(күз мезгіліне байланысты жарасымды киім үлгісі, күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
6-кезең. Күзгі вальс
🔸Мұқыр ауылының кітапхана меңгерушісі Г.Қасымжанова, мектептің шаруашылық меңгерушісі Т.Д.Мухамадеева, мектеп педагог-психологі Т.Ш.Есекенова сынға түскен балаларға төрелік жасап, қатысқан балаларды марапаттап, балалар мен дайындаған сынып жетекшілеріне, ата-аналарына алғыстарын білдірді.
🥇Кеш қорытындысы бойынша 10-сынып жұптары Даулетханова Еркежан КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ, Юртайұлы Бақытжан КҮЗ ХАНЗАДАСЫ атанды, қалған қатысушы жұптар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.