01
маусым
2023
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырлы соңғы қоңырау»









🔹 01.06.2023 Семей қаласы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырлы соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға 2-11 сынып оқушылары мен мектептің барша ұжымы, ата-аналар мен ардагер ұстаздар қатысты. Бітіруші түлектерге ақ жол тілеуге ауыл ардагері Х.Б.Сейткасимов, ардагер ұстаз Х.Бақытұлы, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Н.С.Иманбаев, «Түрксіб 1» кооператив басшысы Жусупов Болат Жеңісұлы шақырылды.🔹 Мектепті үздікке бітірген оқушыларды мектеп директоры Д.А.Омаров құттықтап, мапараттарын табыстаса пәндік олимпиада жүлдегерлері «Дарындылар шеруін» жасады. Бітіруші түлектерге арналып ән айтылып, би биленіп, 4, 9 сынып оқушылары, алғашқы ұстазы мен жетекшісі және салтанатты жиын қонақтары СӘТТІ САПАР тіледі.
🔹 «Түрксіб 1» кооператив басшысы Жусупов Болат Жеңісұлының дәстүрлі степендиясын мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын, спорттық және пәндік олимпиадалар жүлдегері, мектеп президенті және 6-сыныпты үздікке бітіруші Назарбаев Данат Дулатұлына «Түрксіб 1» кооператибінің есепшісі Болатова Аленаны табыстады.
БІЗ ДЕ ТҮЛЕКТЕРІМІЗДІҢ ЖОЛЫНЫҢ ӘППАҚ БОЛУЫН ТІЛЕДІК!!!