Тәрбие жұмыстары » Страница 6 » Турксибская средняя общеобразовательная школа
"Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің"
"Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" КММ"
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-81-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 44-20-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
The turnip"(орыс халқының Репка ертегісі) атты ертегісіне қойылым
22
қараша
2023
The turnip"(орыс халқының Репка ертегісі) атты ертегісіне қойылым
       Мектебімізде Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Ж.Садыкованың ұйымдастыруымен 5 сынып "The turnip"(орыс халқының Репка ертегісі) атты ертегісіне қойылым қойды. Ағылшын тілі сабағы мен үйірме жұмысының біріккен іс-шарасы болып өтті. Мақсаты: -оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру; -сөздік қорларын молайту;  -ой-өрістерін дамыту; -ағылшын және орыс тілінің мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы_Абай_облысы 
«Біз - дарынбыз» атты қалалық шығармашылық фестиваль
21
қараша
2023
«Біз - дарынбыз» атты қалалық шығармашылық фестиваль
  Семей қаласының білім бөлімі Балалар мен жастардың  шығармашылық сарайы Семей қаласы бойынша Мектеп Парламенті және «Жас Ұлан» ББЖҰ «Біз - дарынбыз» атты қалалық шығармашылық фестиваль өткізді. Фестивальге мектебімізден 11 сынып оқушысы Даулетханова Еркежан ВОКАЛ номинациясы бойынша қатысып, БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Еркежанды жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
"Алаштың сөнбес жұлдызы" атты кітапханалық танымдық сабақ
20
қараша
2023
"Алаштың сөнбес жұлдызы" атты кітапханалық танымдық сабақ
Түрксіб ЖОББМ-дегі кітапханада "Оқуға құштар мектеп" жобасының жоспары бойынша Алаш қайраткері, ақын М.Жұмабаевтың - 130 жылдығына байланысты "Алаштың сөнбес жұлдызы" атты кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру арқылы поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту, өз елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
"Жүректілік-жігіттің қасиеті" атты әскери-спорттық сайыста оқушыларымыз 2 орын.
17
қараша
2023
"Жүректілік-жігіттің қасиеті" атты әскери-спорттық сайыста
     Б.Исадилов атындағы мектепте, Б.Исадиловтың 100жылдық мерейтойына орай, ауыл мектептері арасында өткізлген,ұйымдастырылған "Жүректілік-жігіттің қасиеті" атты әскери-спорттық сайыста оқушыларымыз 2 орын алды. Құттықтаймыз. *#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы* *#Ата-аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы*
Алаш арысы М.Жұмабаевтың атаулы күніне байланысты"Мағжан жыры мәңгілік"кітап көрмесі
14
қараша
2023
Алаш арысы М.Жұмабаевтың атаулы күніне байланысты"Мағжан жыры
    ТүрксібЖОББМ-дегі кітапханада кітапханашы Т.Г.Тұрарбекқызының ұйымдастыруымен, Алаш арысы М.Жұмабаевтың атаулы күніне байланысты, "Мағжан жыры мәңгілік" атты кітап көрмесі өткізілді.     Мақсаты: М.Жұмабаевтың шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылар өз туған жерінің қорғаны бола білуге,өз ана тілін құрметтеуге,жігерлікке,қайсарлыққа тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы  
"Еркетай "ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті .
01
қараша
2023
"Еркетай "ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті .
Мектебіміздің "Еркетай "ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті . Мақсаты:Түстерді ажыратуды үйрету,түрлі тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеті мен ұсақ қол моторикасын дамыту. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
Кітапханадағы күзгі демалыс
01
қараша
2023
Кітапханадағы күзгі демалыс
   Түрксіб ЖОББМ-дегі кітапханада "Күз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізу" атты іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларға әдеби кітап оқу арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың күзгі демалысын тиімді пайдалану. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы #Күзгі_демалыс_2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасының жоспары бойынша  "Сұлтанмахұмұт Торайғыровтың-130 жылдығына"  өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы.
27
қазан
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасының жоспары бойынша "Сұлтанмахұмұт
    Түрксіб ЖОББМ-гі кітапханада "Оқуға құштар мектеп" жобасының жоспары бойынша "Сұлтанмахұмұт Торайғыровтың-130жылдығына" байланысты өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мақсаты:С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығынан түсініктеме алып, өлең арқылы ізгілікке,мейірімділікке тәрбиелеу, оқушының шығармашылық,ізденпаздық қасиеттерін ашу. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы #Сұлтанмахмуд_Торайғыров_130_жыл
"Сәулетай " тобының ашық іс-әрекеті тақырыбы "Пішіндер".
26
қазан
2023
"Сәулетай " тобының ашық іс-әрекеті тақырыбы "Пішіндер".
    "Сәулетай" шағын орталығының  ашық іс-әрекеті тақырыбы "Пішіндер". Мақсаты: Балаларды дөңгелек, шаршы, ұшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету. *#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы* *#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы*