"Ұстаздық жолы - ұлылық, шәкірті жүрер ұғынып" тақырыбында танымдық
17.11.23 мектебімізде ардагер ұстаздарымызға арналған "Ұстаздық жолы - ұлылық, шәкірті жүрер ұғынып" тақырыбында танымдық сағат өткізіліп, ҚР оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың алғыс хатымен МАРАПАТТАДЫ. Танымдық сағатқа 9 ардагер ұстаз, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Ардагерлер ұстаздармен еркін әңгіме өткізіліп, балалар ән мен күйден тарту тартты. Ардагер ұстаздарымыз мектеп өмірімен танысып, ұжымға алғыстарын білдірді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы