12
сәуір
2024
Ғарышкерлер күніне арналған танымдық сағаттар
Мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасының "Талап" құндылығы негізінде "Ғарышкерлер күніне "орай, 2-8 сыныптарда ақпараттық танымдық сабақтар өтті. Балалар ғарышкерлер туралы қосымша мәліметтер алып, өлең шумақтарын жаттап, суреттер салып, өз шығармашылықтарымен бөлісті.
Оқушылардың ғарышқа қызығушылықтарын ояту мақсатында ақпараттық танымдық сағат өткізген сынып мұғалімдері Н.Ы.Касымова,Т.Д.Солтанбекова, А.С.Абдрасимова, Қ.Ж.Қабылтаева, Г.Ж.Байканова А.Мүбаракқызы,
Танымдық сағаттардың мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Біртұтас тәрбие бағдарламасының "Талап" құндылығы негізінде оқушылардың патриоттык, отаншылдық сезімдерін талаптандыра отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрметтерін арттыру.
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#semey_bilim_bolimi
#Ғарышкерлер_күні_12_сәуір