22 наурыз!!!
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінде «Наурыз 2023» мерекесі өткізілді. Мерекеге 5-11 сынып оқушылары қатысып, тақырыптық ән айтылып, күй тартылып, би биленді. Қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, "Ұлттық ойындардан" бес тас, тоғызқұмалақ, асық ойындары ойнатылып, арқан тартылды. Қыдыр ата көпшіліке бата беріп, Ұмай ана шашуын шашып мерекенің сәнін келтірді.#Наурыз2023